Абай облысының Жарма және Абай аудандарымен кездесу өтті

Абай облысының Жарма және Абай аудандарымен кездесу өтті

Бүгін Абай облысына қарасты Жарма және Абай аудандармен алғашқы кездесу өтті. Абай ауданының әкімдігі атынан әкім орынбасары – Ерболат Сәлімұлы Әкімбаев, Абай аудандық ауруханасының бас дәрігері – Бақытжан Ережепбайұлы Қалбабаев, Жарма ауданының әкімдігі атынан әкім орынбасары –  Райым Жолдаспекұлы Нұрғалиев Жарма аудандық ауруханасының бас дәрігері – Ерік Мақсұтұлы Исабеков және Шар қалалық ауруханасының бас дәрігері – Айбек Бағдәулетұлы Қарсақбаев қатысты. Университет әкімшілігі атынан Дипломнан кейінгі білім беру және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректор – Думан Берікұлы модератор ретінде, сонымен қатар түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету және мансап маманы Қымбат Жеңісқызы Абраимова қатысқан болатын. Және де осы шараның негізгі себепкерлері – 2025 жылы түлеп шығаты интерндер мен резиденттер.

Әр аудан орынбасары өздеріне қарасты ауданда жас мамандарға жасалған жағдай жайлы және де көрсетілетін көмек түрлері жайлы таныстырып өтті. Бас дәрігерлер өз кезегінде аурухананың жабыдқтануы мен мамандар тапшылығы жайлы сөз қозғанан болатын. Думан Берікұлы – бұл кездесулер жұмыспен қамтамасыз ету кампаниясының бір кезеңі екенін және де алда университет тарапынан “Бос орындар жәрмеңкесі” сынды ауқымды іс-шаралар өткізілетінін қатысушылардың есіне салып өтті. Білім алушылар өздерін мазалаған сұрақтарына аудан әкімшілігінен жауап алған. Нақтырақ айтатын болсақ жәрдемақы несие түрінде беріледі ма, грантты өтеу мерзімі қандай болады, сонымен қатар қазіргі оқып жүрген облыс грантын Абай облысына ауыстыруға болады ма деген сұрақтар қойылды.