2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің жоспарына сәйкес медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті. Семинар амбулаторлық және стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету саласында қызмет ететін мамандарға арналды және «Амбулаторлық жағдайда ауруханадан тыс пневмонияны диагностикалау мен емдеудің ерекшеліктері. Жүктілік және пневмония» тақырыбына арналды.
Семинарды ұйымдастыруға ». Семинарды ұйымдастыруға профессор ҚР НАЕН корреспондент-мүшесі А. З. Дюсупов атындағы шұғыл медицина кафедрасының доценті, жоғары санатты дәрігер (балалар, ересектер пульмонологиясы, шұғыл медицина, терапия), медицина ғылымдарының кандидаты, «СМУ» КеАҚ шұғыл медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Абай облысының бас пульмонологы – Уразалина Жанар Маратовна.
Семинар барысында амбулаторлық деңгейде пневмонияны диагностикалау мен емдеудің өзекті әдістері талқыланды. Қатысушылар ауруды анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістерін, науқастың жағдайын бағалауды және рентгенографияның уақтылы жүргізілуін талқылады. Сонымен қатар, антибиотиктерді таңдау және ана мен бала денсаулығына қауіп төндірмейтін емдеу тәсілдерін қарастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Семинар тәжірибе алмасуға және қатысушылардың білімін нығайтуға мүмкіндік берді, бұл ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, Zoom платформасы арқылы аймақтық ауруханалардың дәрігерлері, Павлодар облысының, ШҚО және Абай облысының дәрігерлері қосылды. Жалпы қатысушылар саны 110 адамды құрады.

