«Семей медицина университеті» КеАҚ Академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ж.К.Смаиловамен бекітілген, Медицина және Педиатрия, ҚДССФМІ мектептері декандарының «Студенттер үйі» №3 жатаханадағы сенбілік шаралар жоспарына сәйкес, әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.О. Орынбасаров және оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі И.Н. Шерстобитов 09 қараша 2024 жылы жатахана студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әскери кафедрада оқу үшін іріктеуден өту шарттары мен ережелері, әскери қызметшілер мәртебесі, әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеру және әскери қызметшілер мен олардың отбастарына берілетін жеңілдіктер туралы мағлұматтар берілді.
Студенттер аса қызығушылықпен тыңдап, көптеген мәселелер бойынша сұрақтарына жауаптар алды.
Әскери кафедраның цикл бастығы-аға оқытушы
запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов

