07.11.2024 жылы мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Жуманбаеваның басшылығымен, мейіргер ісі кафедрасының ассистенті А.М.Досбаева КММ № 23 жалпы орта білім беретін мектепте «Мейіргер ісі» 301 тобының студенттерімен бірлесіп «Дұрыс тамақтану» тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Дұрыс тамақтану – адам денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Балаларды мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру олардың денсаулығын және тиімді білім алу қабілетін сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Толыққанды және теңгерімді тамақтану аурулардың алдын алуға, жұмыс қабілеттілігі мен үлгерімін арттыруға, балалар мен жасөспірімдердің қазіргі заманғы өмірге тән және ақыл-ой дамуына ықпал етеді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

