Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
«Семей медицина университеті» КеАҚ 15 қарашадан 19 қарашаға дейін 2024 жылы сағат 16.00-де үлкен конференц-залда «Қант диабеті кезіндегі мейіргерлік күтімнің өзекті мәселелері» (орта медициналық білімі бар мамандар үшін қолайлы) тақырыбында семинар жоспарланғанын хабарлайды. Семинар аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.
Сағат саны: 18 сағат/9 СБ, 6 сағат/3 СБ.
Өткізу нысаны: күндізгі
Құны: 6 сағ.-1950 теңге, 18 сағ.-5850 теңге.
Оқудан өту үшін үміткерлер болса, тізімге сәйкес құжаттар пакетін Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі 103, 3 қабат, 307 кабинет мекенжайына немесе cnpr_sgmu@mail.ru бөлімінің корпоративтік поштасына ұсынуыңызды сұраймыз.
Құжаттар тізбесі:
- Тыңдаушының байланыс деректері көрсетілген нысан бойынша өтініш;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Төлем туралы түбіртек.
Барлық сұрақтар бойынша қосымша және бейресми білім беру бөліміне келесі байланыс мәліметтері бойынша хабарласуға болады:
8 (7222) 32 88 20 (іш. 1056)
8707 151 97 18 Бота Серікбекқызы, 8771 436 03 03 Гульфира Тулегеновна, 8 747 579 16 92 Риналия Болатовна, 8 777 152 68 58 Нуршат Акановна.

