05.11.2024 жылы 101,201,301 «Мейіргер ісі» тобының студенттеріне кураторлармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының мәселелері талқыланды, онда Президент алдағы жылға арналған қажетті жоспарлар мен бағыттарды түсіндірді. Мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері студенттермен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауында айтылған негізгі 9 бағытты талқылады.
Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Жуманбаева, кафедра кураторлары А.М.Шарапиева, А.М.Досбаева, М.М. Аскарова.