Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті «Семей медицина университеті» КеАҚ комплаенс-офицерімен бірлесіп, білім алушылар мен қоғамдық белсенділер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөніндегі жазғы мектеп жобасы шеңберінде іс-шара өткізді.
Жоба аясында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша үздік халықаралық тәжірибелер ұсынылды, сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және заңнамалық жаңалықтар туралы айтылды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері негізінде брейншторминг әдісін пайдалана отырып анықталған жағдайлар талқыланды.
Қатысушылар тек осы мәселелермен шектеліп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім беруді қалыптастыру саласында тәжірибе алмасты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары мен қоғамдық бақылаудың тиімді әдістерін зерделеді.
Жазғы мектептің қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдары жеткізілді.
Іс-шара барысында жазғы мектеп қатысушыларында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, сыбайлас жемқорлық жағдайларына әрекет ету, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күресу сияқты қажетті дағдылар қалыптастырылды.

