2-ші қарашада профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының аға оқытушысы А.К. Букатов 4 курс студенттерімен бірлесіп жергілікті лицейдің оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, оның аясында кәсіптік бағдарлау жұмысы, сондай-ақ «Көктайғақ және алғашқы медициналық көмек» тақырыбында практикалық әңгіме ұйымдастырды.
Кездесу басында оқушыларға медицинадағы мамандықтвң келешегі, медициналық ЖОО-дағы оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ медициналық білім беру аясында меңгеруге болатын түрлі мамандықтар туралы айтып берді. Ол денсаулық сақтау саласындағы табысты кәсіби қызмет үшін қандай жеке қасиеттер мен білім қажет екенін түсіндіріп, медицина – бұл терең білім ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмірі үшін жауапкершіліктің жоғары дәрежесі екенін атап өтті.
Одан кейін мұғалім қыс мезгілінің өзекті тақырыбы – «көктайғақ» тақырыбын талқылап, кездесудің анағұрлым практикалық бөлігіне көшті. Ол зақымдануды болдырмау үшін қысқы жағдайға дұрыс дайындалудың қаншалықты маңызды екенін және мұзда құлаған жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін айтып берді. Оқушылар тайғақ жерде алған жарақаттары, мысалы, созылулар, шығулар және тіпті сынықтар кезінде алғашқы көмек көрсету қадамдары туралы білді.
Бас, омыртқа немесе аяқ-қол жарақаттары жағдайында дұрыс іс-қимылдарға, сондай-ақ елеулі зақымданған жағдайда медициналық көмекке тез жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. 4-курс студенттері жаттығу муляждарының көмегімен жүрек тоқтау кезіндегі ӨЖР, таңғыш салу сияқты алғашқы көмектің бірнеше негізгі тәсілдерін көрсетті, сондай-ақ қысқы кезеңде жарақаттарды болдырмау бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шара медициналық тақырып бойынша да, университетке түсу мәселелері бойынша да белсенді сұрақтар қойған оқушылардың қызығушылығын тудырды. Бұл сабақ кәсіби бағдар беру тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар оқушыларға төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің базалық дағдыларын меңгеруге көмектесе отырып, практикалық тұрғыдан да пайдалы болды.

