2024 жылғы 12 қараша «МУС» КЕАҚ УГ базасында неврология бойынша студенттік ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті. 15 студент қатысты, оның ішінде 3-5 курс студенттері, резиденттер, сонымен қатар кафедра ассистенттері Филиппова Н.А., Кириллова Е.В.
Отырыс барысында екі баяндама тыңдалды. Алғашқы болып сөз алған кафедра ассистенті Н.А.Филиппова. «Студенттік ғылыми жұмысты сәтті жазудың негізгі стратегиялары» тақырыбы бойынша баяндамамен. Презентация ғылыми жұмысты жазудың негізгі кезеңдерін қамтыды, сонымен қатар студенттер зерттеу тақырыбын таңдау бойынша ұсыныстармен және неврологиядағы дұрыс ғылыми гипотезаларды тұжырымдау мысалдарымен танысты.
Келесі кезекте үйірме жетекшісі, 3 курс 3628 топ студенті А.Е.Кәрібжанова сөз алды. Қыз «Неврологиядағы заманауи тенденциялар мен инновациялық зерттеу әдістеріне шолу» тақырыбында баяндама жасады. The Lancet және ДДҰ деректері бойынша әлемде 3 миллиардтан астам адам неврологиялық патологиядан зардап шегеді. Осыған байланысты жүйке ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін жасау және жетілдіру мәселесі өзекті болып табылады. Неврология заман ағымына сай келеді. Баяндамада неврологияның дамуының негізгі бағыттары мен соңғы жаңалықтары қарастырылды, мысалы: генетикалық диагностика және генетикалық редакциялау, биомаркерлер негізінде ауруларды анықтау, неврологиялық ауруларды диагностикалау мен болжауда жасанды интеллектті қолдану, инструменталды диагностиканың инновациялық әдістері, және т.б.
Студенттер осы саладағы соңғы ғылыми зерттеулермен танысты. Барлық талқылауға қатысып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Қатысушылар болашақ зерттеулер үшін жаңа идеяларды, сондай-ақ ағымдағы жұмысқа мотивациясы алды.

