№ 10 мектептегі санитарлық-ағарту жұмысы

№ 10 мектептегі санитарлық-ағарту жұмысы

Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасы “Қазақстан медицина жастары” ұйымымен және “Стоматология” мамандығы студенттермен бірлесіп санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізді.
Аталған іс-шара 2024 жылғы 14 қарашада №10 жалпы білім беретін мектепте “жүрек-өкпе реанимациясын өткізу”, “ауыз қуысы гигиенасының негіздері”сияқты тақырыптар бойынша өткізілді. “Салауатты күлкі” мектебінің төрағасы, стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасының ассистенті Д. Н. Калиева, “Қазақстан медицина жастары” ұйымының мүшелері және 4-курс студенттері “Алғашқы көмек” көрсетуді, жүрек-өкпе реанимациясын(ЖӨР) қалай дұрыс жүргізу керектігін айтып, ауыз қуысы гигиенасының негіздері туралы, тістерді тазарту әдістері, жаман әдеттер, олардың жалпы денеге және ауыз қуысының күйіне зиянды әсері туралы айтып берді. Муляждарда ЖӨР, тістерді тазалау гигиенасын оқыту бойынша мастер-класс өткізілді. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Іс-шара соңында білім алушылардан, педагогтен оң кері байланыс алынды. Оқушыларға дәріс, мастер-класс, яғни жалпы ұйымдастырылған іс-шара өте өзекті, қызықты, қажет, уақтылы, білім алушылар үшін үлкен пайда әкелді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз