14 қараша Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні!

14 қараша Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні!

2024 жылғы 14 қарашада «Семей медицина университеті» КеАҚ мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері «Avenue» сауда-ойын-сауық орталығында дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – предиабет және метаболикалық синдром белгілерін анықтау.

Көптеген ниет білдірушілер қандағы глюкоза деңгейін, антропометриялық көрсеткіштерді өлшеуге және мамандардан кеңес алуға келді. Жалпы алғанда, сауда орталығына 100-ден астам келушіге кеңес берілді.

Ұйымдастырушылар: мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Жуманбаева, доцент А.С. Крыкпаева, ассистенттер Д.Ш. Шагиева, Ш.Ш. Амренова, А.А. Есенбаева, А.Т. Оспанова, М.М. Асқарова.

Жарияланды: