Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы

Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы

13 қараша 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ акт залында әскери кафедра профессорлық-оқытушылық құрамының және 7 курс резиденттерінің, сондай-ақ, Павлодар , Өскемен қалаларындағы студент-интерн-студенттерінің онлайн-формат арқылы қатысуымен, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшы басқармасының Кадрлық жұмыс бастығы подполковник Жумабеков Бахыт Маратұлымен және медициналық қамтамасыз ету бөлімінің офицері медицина қызметінің майоры Нысан Назерке Қозықановнамен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет атқару мәселелеріне арналған ақпарат берілді.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» баяндама негізінде, келісімшарт бойынша офицер құрамында әскери қызметті өткеру жағдайлары, әскери қызметшілерге және олардың отбастарына берілетін жеңілдіктер, әскери қызмет артықшылықтары, әскери қызметке шақырылу үшін құжаттарды рәсімдеу тәртіптері туралы мағлұматтар жеткізілді.

Мазмұнды да қызықты өткізілген кездесу үшін алғысымызды білдіре отырып, келешекте де болашақ әскери медиктерді кәсіптік дайындау мәселесі бойынша жаңа кездесулер мен ынтымақтастыққа сенімімізді арттырамыз.

Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров

Жарияланды: