Форум: “Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру”

Форум: “Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру”

2024 жылғы 15 қарашада сағат 11-де Астана қаласында “Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру” тақырыбында форум өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі, жоба “Alayaq.net”, мәдениет және ақпарат министрлігі және “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КеАҚ.

Форумның мақсаты: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Қазақстан халқына Жолдауын орындау.

Форум жұмысы жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтық жағдайларының алдын алуға, сондай-ақ жастардың, мемлекеттік органдардың және банк секторының интернет-алаяқтыққа қарсы күрестегі күш-жігерін шоғырландыруға бағытталған.

Бұл форумға университетіміздің оқытушылары мен білім алушылары онлайн форматта қатысты.

Іс-шарада интернет-гигиена мәселелері, алаяқтықтың заманауи сын-қатерлері мен қауіптері, сондай-ақ оларға қарсы іс-қимыл әдістері қамтылды. Қаржы пирамидалары мен интернет-қылмыстар бойынша нақты кейстер таныстырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар қаржыны басқару, ақшаны қалай дұрыс инвестициялау туралы негізгі білім мен дағдыларға ие болды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар