12-13.11.2024 жылы “Семей медицина университеті” КЕАҚ ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы, медициналық биология және паразитология бойынша, университетішілік пәнаралық олимпиада аясында пәнаралық олимпиаданы ұйымдастыруға белсенді қатысты. Олимпиада жеңімпаздары “Самарқанд-2020” медициналық студенттерінің V Халықаралық олимпиадасына қатысады. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: I – негізгі бөлімдер бойынша тестілеу – жасуша биологиясы, жалпы генетика, паразитология; II – билеттер бойынша ауызша әңгімелесу, генетика бойынша есептерді шешу; III – паразитология бойынша кейстерді талдау. Кафедра оқытушылары олимпиадаға қатысушыларды, тесттерді, ауызша сауалнамаға билеттерді дайындады, практикалық дағдыларды бағалау үшін кейстер мен ситуациялық есептерді әзірледі. Қазылар алқасының мүшелері: Оразалина А. С., Мыңжанов М. Р., Ибраева Г. Р., Еркенова Б. З., Есентаева А. М.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: медициналық пәндерге қызығушылықты ынталандыру, бейіндік білімді тереңдету және студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту, білім берудің жоғары стандарттарын қолдау.
Міндеттері: студенттердің білім деңгейін бағалау, клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, студенттердің ғылыми қызметке қатысуын ынталандыру, оқуға деген ынтасын арттыру, командалық рух пен ынтымақтастықты қалыптастыру, талантты студенттерді анықтау және қолдау.
Қатысушылар: 1, 2, 3, 4 курс студенттері. Жеңімпаздар: 1 орын – Черубаева Ания 2 курс (2213 топ) “Медицина” ББ, 2 орын – Ашіров Айтемір, 1 курс (1307 топ) “Фармация” ББ, 3 орын – Какенов Сұлтан, 1 курс (1307 топ) “Фармация” ББ. Студенттер өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті, ғылыми құзыреттілік тәжірибесіне ие болды, бұл болашақ медицина мамандарын даярлаудың маңызды аспектісі болып табылады!
Оразалина А.С., ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгеруші, доцент; Ибраева Г. Р., кафедраның аға оқытушысы, Рахимгалиева П. С., кафедра оқытушысы