2024 жылдың қараша айының 5-і күні университетімізде Республика Күніне орай Жалпы Дәрігерлік Тәжірибелер кафедрасының доценті Адильгожина Салтанат Муратбековна ұйымдастыруымен олимпиада өтті. Оған “Жалпы Медицина” мамандығының ЖДТ коммитиын өтіп жатқан барлық 5курс студенттері қатысты. Төрелік етуге профессор Казымов Максут Советович, ассистент Муратова Фатима Кадыржановна, профессор Шалгумбаева Гульнар Металловна және 5411топ студенті Өкенова Айгерім шақырылды.
Олимпиаданың 1 кезеңі тест тапсырмаларын шешу түрінде болды. Жоғарғы көрсеткіш көрсеткен 10 студент келесі кезеңге жолдама алды.
2-кезең «Өз ойының» деп аталды, онда қатысушылар ұяшық таңдау арқылы ұпай жинады. Бұл кезеңнен 6 студент келесі кезеңге өтті.
3-кезең тәжірибелік дағдыларды көрсету арқылы өтті. Әр кезең арасында аудиториядағы студенттермен блиц-сұрау жүргізіліп, әр дұрыс жауапқа сыйлықтар табысталды. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі:
3 орын – Тлеуханова Мадина 5426 топ;
2 орын-Ritik Sharma 5347 топ;
1 орын-Trisha Mandal 5347 топ студенттері жеңіп алды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушыларға сертификаттар берілді.

