2024 жылғы 30 қазанда Астана қаласында «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясы» «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 100 ҮЗДІК СТУДЕНТІ» Республикалық дарынды студенттер байқауын ұйымдастырды, оған «СМУ» КеАҚ «Медицина» ББ 2 курс студенті Черубаева Ания қатысып, жеңімпаз атанды. Черубаева Ания ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының «Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірмесінің төрағасы болып табылады. «СМУ» КеАҚ 66-шы Халықаралық студенттік ғылыми конференциясында Ания пленарлық отырыста ғылыми жобамен 1-ші орынға ие болды, ғылыми жетекші ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгеруші, доцент Оразалина Айнаш Сапарқызы. Черубаева Ания оқу үздігі, университеттің қоғамдық және ғылыми қызметіне белсенді қатысады, «ҚР үздік студенті» атағына лайық. Анияға одан әрі табыстар мен жетістіктер, университетімізге өркендеу тілейміз.
ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгеруші, доцент Оразалина А.С.

