«Самарқанд-2020» халықаралық олимпиадаға пән аралық таңдау байқау

«Самарқанд-2020» халықаралық олимпиадаға пән аралық таңдау байқау

13 қарашада Семей қаласының медицина университетінде клиникалық пәндер бойынша «Самарқанд-2020» халықаралық олимпиадасының пәнаралық іріктеу сайысы жалғасуда. «Ішкі аурулар» пәні бойынша байқау осы пән бойынша бағдарламаны аяқтаған бакалавриат түлектері мен интернатура студенттері арасында өтті. 1-кезең – ішкі патологияның әртүрлі бағыттары бойынша тестілеу (кардиология, пульмонология, ревматология, нефрология, гастроэнтерология, гематология, эндокринология). 2 кезең – клиникалық жағдайларды шешу. 3-кезең – әртүрлі зертханалық және аспаптық мәліметтерді интерпретациялау бойынша тәжірибелік дағдыларды көрсету. Ішкі аурулар бойынша әдістемелік қамтамасыз етуге жауапты кафедра доценті Муздубаева Ж.Е. Бұл байқауда іріктеуден өткен студент халықаралық олимпиадада университетіміздің атынан қатыса алады.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы