Шемонаиха ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Шемонаиха ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылдың 7 қарашасы мен 9 қарашасы аралығында Шемонайха ауданындағы мектептер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қабылдау комиссиясының және MF басшысы Толеубаева К.С. және әдіскер Ажарова А.Қ. 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Камышинка кентіндегі – «Камышинка кешені «Жалпы білім беретін орта мектеп-бала бақшасы» КММ, Усть-Таловка ауылы – «И.М.Астафьев атындағы ЖББМ», первомай кентіндегі КММ «Первомай кешені» «Д.М.Карбышев атындағы ЖОББМ-балабақша», «Убинка ЖББМ», «Зевакин кешені «ЖОББМ-балабақша», Рассыпное ауылы – «Ч.Уәлиханов атындағы ЖОББМ», Рулиха ауылы – «Рулиха ЖОББМ», Шемонайха қаласы– «Шәкәрім атындағы №4 орта мектебі» КММ, «Н.А.Островский атындағы №1 ЖОББМ-гимназиясы» КММ, «Ю.А.Гагарин атындағы №3 ЖОББМ» КММ, «А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖОББМ-бөбекжай-балабақша» кешені, КММ «Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ»мектептерінде кездесу жүргізілді.

Оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметі, дамуы, оның білім беру бағдарламалары, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі, академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндіктері және оқыту жүргізілетін мамандықтар туралы бейнеролик ұсынылды. Мектеп оқушылары университет тарихымен және оның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен егжей-тегжейлі таныстырылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Жарияланды: