Университеттер мен мектептер арасындағы байланысты күшейту

Университеттер мен мектептер арасындағы байланысты күшейту

01.11.2024 жылы ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы «Семей Медицина Университеті» оқытушылары арасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен университеттер мен мектептер арасындағы байланысты күшейту маңыздылығын ескере отырып және қызмет бабындағы ынтымақтастыққа байланысты облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасы аясында күрделі тақырыптар негізінде пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру мақсатында дәріс өткізілді.

Осыған орай, аталған шараға қатысты Семей қаласының № 16 ЖОББМ-те дәрісті биология магистрі ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы, кафедра оқу ісінің меңгерушісі Ибраева Гульжан Рахимжановна және химия ғылымдарының кандидаты, м.ғ.д., профессор С.О. Таңбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы доценті Дінжуманова Раушан Толеугазиновна оқыды, тәжірибесімен бөлісті.

Ибраева Г. Р., ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының  аға оқытушысы

Рубрикалар: Семинарлар