2024 жылдың 1 қарашасында облыстық АО ДСБ фтизиопульмонология орталығының базасында балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті А.К. Құмарбекова балалар жұқпалы аурулары кафедрасының тақырыптық семинарлар жоспарына сәйкес “балалардағы А және Е вирустық гепатиттері”тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың тыңдаушылары балалар инфекционистері, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ПОҚ, “ересектер, балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша 1-ші жылындағы резиденттер, ЖТД интерндері, бакалавриат студенттері болды. Бас дәрігердің инфекциялық қызмет жөніндегі орынбасары, м. ғ. к., Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И. М. Эфендиев кіріспе сөз сөйледі.
Инфекционист дәрігерлер, ЖПД 619, 621 топ интерндері , 1-2 ші жылындағы инфекционист резиденттер, сондай – ақ бакалавриат студенттері, №4325 ЖМ, 4307 топ , 4101 топ педиатрлары қатысты. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И. М. Эфендиев кіріспе сөз сөйледі.
А және Е гепатиттерін жұқтырудың себебі әдетте ластанған тағамдарды немесе таза емес суды ішу болып табылады. А.К. Кумарбекова тыңдаушыларға балалардағы А және Е энтеральді вирустық гепатиттерін этиологиясын, эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасын, жіктелуін, дифференциалды диагностикасын, зертханалық диагностикасын, емдеуді ұсынды. Баяндамашы сондай-ақ 2 және 2,5 жылда ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы ерекше профилактиканы енгізу туралы ақпартпен бөлісті