12-13.11. 2024 ж. профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы университет ішілік пәнаралық Олимпиадасын өткізуге белсенді қатысты. Олимпиада үш кезеңге бөлінді: I – Биохимияның негізгі бөлімдері бойынша тестілеу; II – билеттер бойынша ауызша әңгімелесу, клиникалық жағдайларды түсіндіру; III – практикалық жұмыстарды орындау, диагностикада биохимиялық әдістерді білу. Қазылар алқасының мүшелері: Олимпиада нәтижелері бойынша Б. С. Советов, Р. Р. Олжаева, Р. Т. Динжуманова, К.Т. Сыдықова, Д. Д. Муртазина. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 1 орын – Камажанов Арсен 2 курс (2121 топ) “Медицина”, 2 орын – Әрін Еркежан, 2 курс (2107 топ) “Медицина”, 3 орын – Оралбекова Дина, 3 курс (3104 топ) “Медицина”. Жеңімпаздарды құттықтай отыра, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз. Студенттер ғылыми жұмыста жақсы тәжірибе, медициналық биохимия бойынша білімдерін жетілдірді.Олимпиада жеңімпазы Камажанов Арсен “Самарқанд-2024” медициналық ЖОО студенттерінің V Халықаралық олимпиадасына қатысады. Барлық турларда лайықты нәтиже көрсетулеріңізді тілейміз! Олжаева Р. Р., Советов Б. С.