Құрметті студенттер!
Семей медицина университеті «КеАҚ» симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы сіздерді «Науқаспен тиімді қарым-қатынас дағдылары» пәні бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиадаға қатысу сізге тұлғааралық қарым-қатынас саласында өз біліміңіз бен дағдыларыңызды көрсетуге және тексеруге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар: «Семей медицина университеті» КеАҚ cимуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы.
Ұйымдастыру комитетінің құрамы:
Төраға: Динара Адлетовна Муканова, симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының меңгерушісі.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: Ж.И. Смагулова, О.Т. Ван, Н.Б. Ыкыбаева.
Қатысушылар: «Жалпы медицина», «Педиатрия» мамандығының 3 курс білім алушылары.
Өтетін орны: КеАҚ «Семей медицина университеті», cимуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы, 4 корпус, 112 аудитория.
Олимпиаданы өткізу жоспары: Олимпиада күндізгі форматта 2024 жылдың 3-5 желтоқсан аралығында өтеді. Олимпиаданы өткізу тілі – қазақ, орыс және ағылшын. «Науқаспен тиімді қарым-қатынас дағдылары» бойынша олимпиадаға қатысу үшін, қатысуға өтінішті толтыру арқылы тіркелу қажет. Өтініштер 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.
Олимпиада 2 бөлімнен тұрады.
I бөлім: Біліктілік – тестілеу. Қатысушыларға «Науқастармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары» пәні бойынша күрделілігі әртүрлі тест тапсырмалары ұсынылады.
ІІ бөлім: Іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен қатысушылар арасында өткізіледі. Іспен жұмыс. Студенттер жағдаятты шешу және әртүрлі жағдайларда тәжірбиелік дағдыларды көрсетуі керек.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысушылар орындаған жұмыстарды тексере отырып бағалайды және қорытындылайды. Қатысушыларға олимпиада нәтижелерімен таныстырылып, жеңімпаздар анықталады. Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен марапаттау жүргізіледі.
Сұрақтарыңыз болса мына телефондарға хабарласыңыз:
+ 7 771 178 7571 (WhatsApp) – Ықыбаева Назгүл Бакытқалиқызы