Біздің университетте 2024 жылдың 03 қазанында Семей қаласының ЖДТ кафедрасының доценті Курумбаев Руслан Рашидович және 5327 топ ұйымдастырған олимпиада өтті. Оған ЖДТ пәнің өткен орыс, қазақ және ағылшын топтарының “Жалпы Медицина” мамандығының 5 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық, зияткерлік қызметпен белсенді айналысатын талантты студенттер санын анықтау және көбейту, сондай-ақ “ЖДТ негіздері”пәнінде білімді бекіту, жетілдіру және тереңдету.
Төрешілер ретінде профессор Қазымов Мақсұт Советұлы, ассистент Мұратова Фатима Қадыржанқызы, профессор Шалгумбаева Гүлнар Металлқызы шақырылды. Қатысуға ниет білдірген 15 адам іріктеліп алынды, олар 3 команданы құрады. 1 команда – “Адреналин”; 2 команда – “Medicos”; 3 команда – “Жүрек”. Олимпиада 3 кезеңде өтті.
Бірінші кезең “Викторина” болып таңдалды, ол ұпай жинау үшін ұяшықтарды таңдауды көздеді. Ұпай қорытындысы бойынша “Адреналин” командасы көшбасшы атанды. Олимпиаданың 2-туры клиникалық ситуациялық міндеттерге негізделген. Оған студенттер өздеріне жүктелген міндеттерге сәтті жауап берді. Әр дұрыс жауап үшін сыйлықтар берілді. Олимпиаданың 3-ші турында студенттер зертханалық және рентгендік зерттеулерде өз білімдерін көрсетті.
Олимпиада барысында жинақталған ұпайлардың нәтижелері бойынша “Адреналин” командасы – 135 балл, 2 орын “Жүрек”- 130 балл, 3 орын “Medicos”- 105 балл жинап жеңімпаз атанды. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша “Жалпы Медицина” мамандығының 5-курс студенттері жеңімпаз атанды: 1. Тоқтарбекова К.5319 топ; 2. Құрманғажы А.5319 топ; 3. Исабекова Д.5309 топ; 4. Satwik N. 5335 тобы; 5. Atam S. 5335 топ. Жеңімпаздарға сертификаттар табысталды.
Клиникалық жұмысқа жауапты м.ғ.д. Қазымов М.С.