Дивали – Үндістандағы ең маңызды және кеңінен аталып өтетін мерекелердің бірі. «Дивали» атауы санскриттің Deepavali – «от шоғы» сөзінен шыққан. Бұл атау қараңғылықты, зұлымдықты және надандықты жеңуді бейнелейтін мерекенің мәнін көрсетеді. 8 қараша күні университет деңгейінде қалалық мәдениет орталығында шетел бөлімінің студенттеріне арналған мереке ұйымдастырылды. Бұл шараны ұйымдастыруға 446 топ басшысы Pawan Prakash Bhawsar белсене атсалысты. Өз кезегінде топ кураторы, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Сәкім Д.Ғ. және топ студенттері басшымызға қолдау көрсетіп, мерекені бірге тойлауға келді.

