«Қант диабеті кезінде мейіргерлік күтімнің өзекті мәселелері» тақырыбына семинар

«Қант диабеті кезінде мейіргерлік күтімнің өзекті мәселелері» тақырыбына семинар

2024 жылғы 15-19 қараша аралығында клиникалық жұмыс аясында «Семей медициналық университеті» КеАҚ үлкен конференц залында орта медициналық білімі бар мамандарға арналған семинар өтті.

Оқыту шеңберінде қант диабеті кезінде мейіргерлік күтімнің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды, оларды А.С.Крыппаева, Д.Ш.Шагиева, А.А.Есенбаева, Ш.Ш.Амренова, А.Т.Оспанова оқыды.

Семинарға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсынылған тақырыптарды талқылай отырып, жоғары деңгейде қызығушылық танытты.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға бейресми білім беру бағдарламасынан өткені туралы сертификаттар берілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар