2024 жылдың 21-22 қазан, 8-мен 15 қараша аралығында «Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының оқытушылары Муздыбаеа Ж.Е., Горемыкина М.В., Ботабаева А.С., Калимолдина Г.К., Петрова Ю.В., Капанова Г.К., Селгазина М.Б. -Уранхаев 6, Байсеитова 5 көшелеріндегі және №4 студенттер үйінде кезекшілігін өткізіп, студенттер тұратын бөлмелерді аралап, студенттердің жатақханадағы тұрмыстық жағдайларын тексерді. Студенттердің бөлмелері жылы, таза. Жуынатын бөлмелерге ыстық су сужылытқыштардан қамтамасыз етілген. Тұрмыстық бөлмелерінде кір жуғыш машиналар, электроплиталар, тоңазытқыштар жұмыс жасап тұр. Кезешілік кешкі уақытта өтті. Бұл кезде студенттер сабақтарынан келіп, тұрмстық бөлмелерде кешкі астарын әзірлеп, кірлерін жуып, бөлмелерін жинастырып жатқан кездері. Кафедраның қызметкерлері жатақхананы аралау кезінде студенттермен салауатты өмір салты туралы әңгімелер жүргізді. Медик – студенттердің барлығы фаст фудтар, газдалған және энергетикалық сусындардың зияны туралы білетіні – қуантарлық жағдай. Студенттердің басым көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен, денешынықтырумен шұғылданады. Әңгіме барысында кафедраның оқытушылары студенттер қойған барлық сұрақтарына жауап берді. Студенттер тарапынан университеттің әкімдігіне шағымдары жоқ.
«Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Селгазина М.Б.