Әр ай сайын шетелдік білім алушылар мектебіндегі сапа комиссиясының жұмысы өткізіліп тұрады, оның мақсаты академиялық процесс сапасын, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру сапасын реттеу болып табылады. 2024 жылдың 21 және 22 қарашасында комиссия төрағасы Олжаева Р.Р., төраға орынбасары Ван О.Т., комиссия мүшесі Тукинова А.Р. Инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасындағы (3234 топ, қан және лимфа жүйесінің патологиясы, оқытушы Козубаева Д.Б.); Профессор С.О. Тапбергенов атындағы химия және биохимия ғылымдары кафедрасындағы (2506 топ, Биохимия, оқытушы Олжаева Р.Р.); Эпидемиология және биостатистика кафедрасындағы (2508 топ, Клиникалық эпидемиология және биостатистика негіздері, оқытушы Тукинова А.Р.) бірнеше сабақтарға қатысып, тексеру жүргізді. Практикалық сабақтар барысында оқытушылар презентациялар, флипчарт, рөлдік ойындар, талқылауларды пайдаланады. Студенттермен болған сұхбат барысында келетін кері байланыс барысында студенттер оң пікірлерін білдірді.
Олжаева Р.Р., Ван О.Т., Тукинова А.Р., Шетелдік бөлім мектебі.

