2024 жылдың 18 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында Семей медицина университетінде Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университетінің онкология, гематология және сәулелік терапия кафедрасының профессоры, тромбоз және гемостаз ұлттық қауымдастығының президенті, б.ғ.д. Евгений Витальевич Ройтман болды.
Сапар аясында Евгений Витальевич «СМУ» КеАҚ тәжірибелік дәрігерлері, оқытушылары мен резиденттері үшін «Клиникалық гемостазологияның өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинар соңында барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.