2024 жылғы 16 қарашада «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығында халықаралық шала туған балалар күні мен Педиатрлар күніне арналған ашық есік күні өтті. Бұл маңызды іс-шара бір жасқа дейінгі шала туған балалар мен бес жасқа дейінгі соматикалық аурулары бар балаларды қолдауға, сондай-ақ олардың денсаулығы мен оңалту мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталды.
Іс-шара аясында мамандардың тегін қабылдауы ұйымдастырылды, бұл отбасыларға балалардың денсаулығы, психикалық және моторлық дамуы бойынша білікті дәрігерлерден кеңес алуға мүмкіндік берді.
Бұл күні қабылдауды келесі мамандар тобы жүргізді:
Реабилитолог-дәрігерлер: Даирбеков Ернар Ертуғанұлы, Алибек Ернар және физикалық медицина мен оңалту кафедрасының резиденттері (1 және 2 курс).
Педиатр-нутрициолог: педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ассистенті Бектар Жансұлу Сергелдіқызы.
Балалар хирургтары: Дәулетханова Аяулым, Қунантаева Арайлым, Керімтаева Нәзерке.
Балалар травматологы: Елжан Озакович.
Балалар нефрологы: Капанова Арайлым Алибековна.
Балалар гастроэнтерологы, аллерголог, психолог және логопед.
Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуде кафедра ассистенті Даирбеков Ернар Ертуғанұлы және физикалық медицина мен оңалту кафедрасының резиденттері маңызды рөл атқарды. Ашық есік күні тек балаларға көмек көрсетуде маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға заманауи диагностика, емдеу және оңалту әдістері туралы ақпараттандыру алаңы болды.
Орталық мамандары балаларды күту бойынша толық ұсыныстар беріп, аурулардың алдын алу туралы айтты және оңалтудың жаңа тәсілдерімен бөлісті.
«Тоқтамыс» орталығының басшылығы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан барлық дәрігерлер мен ұйымдастырушыларға олардың еңбегі мен болашақ ұрпақтың денсаулығына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдіреді.
Ашық есік күні балаларға көмек көрсетуде пәнаралық тәсіл мен кәсіби өзара әрекеттестіктің маңыздылығын тағы да дәлелдеді.
Нугыбаева Макпал. Тойганбек Аяулым.

