Бүгін Академиялық адалдық лигасының мониторингтік тобының 3 күндік сапарының бірінші күні өтті. Мониторингтік топ мүшелері университет басшылығымен, декандармен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесіп, оқу-клиникалық орталықтың, кітапхананың, стоматологиялық және профессорлық клиникалардың жұмысымен танысты,
Академиялық адалдық лигасы-Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі.
ҚР Академиялық адалдық лигасы 2018 жылдың жазында құрылған және қазір оның құрамында Қазақстанның 18 жоғары оқу орны бар.
Жыл сайын Лига қауымдастыққа кіретін жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыруын, сондай-ақ студенттерді оқыту нәтижелерін, жарияланған ғылыми жұмыстардың сапасы мен түпнұсқалығын және жоғары оқу орны қызметінің әзірленген қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігін бағалайды.
Лигаға мүше жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушылардың барлық жазбаша жұмыстарын міндетті түрде тексере отырып, плагиатқа қарсы іс-қимылдың халықаралық жүйелерін қолданады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерін, олардың себептерін анықтайды және оларды жою бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асырады.