Бейіндік магистратураға құжаттарды қабылдау

Бейіндік магистратураға құжаттарды қабылдау

«Семей медицина университеті» КеАҚ Білім беру бағдарламасының тиісті бейіні бойынша басшылық лауазымда кемінде бес жыл немесе кемінде он жыл өтілі бар адамдар үшін бейіндік магистратураға қабылдауды жариялайды.
Қабылдау келесі мамандықтарға жүргізіледі:
7М10106 Медицина, 7М10108 Қоғамдық денсаулық сақтау, 7М10112 Денсаулық сақтаудағы менеджмент, 7М10104 Мейірбике ісі, 7M10114 Медициналық-профилактикалық іс, 7M10115 Гигиена, 7M10116 Эпидемиология
Оқу мерзімі – 1 жыл.
Қабылдау сұхбат нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Бейінді магистратураға құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 11 қараша мен 9 желтоқсан аралығында.
Сұхбат 2024 жылдың 13 желтоқсанында «Семей медицина университеті» КеАҚ- Семей қаласы, Абай көшесі, 103 мекенжайы бойынша өтеді.
Түсу мәселелері бойынша +77009610995 телефонына арқылы хабарласуға болады – Толеубаева Камшат Сергазиновна.