18.11.2024 мейіргер ісі кафедрасында бекітілген жоспарға сәйкес студенттік ғылыми үйірменің (СҒҮ) кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа СҒҮ-де тұрған студенттер, ғылыми жетекшілер қатысты, сонымен қатар студенттік ғылыми қоғамның мүшелері, 2 курс, 2213 топ, “Жалпы медицина” мамандығының студенттері А. Черубаева, Н. Н. Асабаев шақырылды.
Күн тәртібінде: студенттерді алдағы студенттiк конференцияларға дайындау талқыланды. Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD, асс. профессор Ж.М. Жуманбаеваға және PhD, А. М. Шарапиева ғылыми жұмыстарға сәттілік тілеп, сөз сөйледі. Шақырылған студенттер А.Черубаева, Н. Н. Асабаева “Зерттеуді қалай дұрыс жүргізу және тезисті рәсімдеу ” тақырыбында баяндама ұсынылды.
Ұйымдастырушылар: СҒҮ бойынша жауаптылар, мейіргер ісі кафедрасының ассистенті, А. М. Досбаева, СҒҮ старостасы, “Мейіргер ісі” мамандығының 2 жыл магистранты, Р. В. Хижникова.

