Жаһандық микробқа қарсы тұрақтылық туралы ақпараттандыру апталығы аясында (2024 жылдың 18-24 қарашасы) 2024 жылдың 22 қарашасында онлайн режимінде «Antimicrobial Resistance» дөңгелек үстелі өтті. Бұл компанияның мақсаты – микробтардың дәрілерге төзімділігі мәселесіне және осы препараттарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығына назар аудару. Биылғы жылы Дүниежүзілік апталық «Микробқа қарсы төзімділікпен күресу үшін бірігіңіз» ұранымен атап өтілуде. Дөңгелек үстелге 101 топтың жұқпалы аурулар резиденттері (Семей, Павлодар, Өскемен қ.), 5318 тобының студенттері (куратор доцент Смаил Е.М.) қатысты. Модераторлар рөлін қазіргі уақытта «Ересектердегі жұқпалы аурулар» пәнінде оқитын 615 ЖТД тобының интерндері атқарды. 615 ЖТД тобының дәрігер-интерн Жанатова Айдана «Антибиотиктерге төзімділік – негізгі міндеттер» баяндамасымен таныстырды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар антибиотиктерге төзімділіктің медицина үшін маңыздылығын, антибиотиктерге төзімділік: болашақ неге әрқайсымызға байланысты?
Смаил Е.М., Маукаева С.Б., Исабекова Ж.Б.