Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ғылыми гастроэнтерологиялық мектебінің жұмысы аясында «Гастроэнтерология ересектер, балалар» мамандығы бойынша профессор З.К.Жумадилова және доцент А.Ш.Каскабаева жетекшілігімен денсаулық сақтау мектептерінде резиденттердің профилактикалық жұмыстары да көрсетілген. Салауатты өмір салты принциптерімен ақпараттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында, 2024 жылы 21 қарашасында резидент-гастроэнтеролог Сагынаева С.Ж. №44 орта мектептің ата-аналарымен «Дұрыс тамақтану принципі» тақырыбы бойынша санитарлық-ағарту шарасын өткізді. Дұрыс тамақтану өмірдің ерте кезеңдерінен – ақ дамиды және оның дамуына отбасының ролі өте зор. Дұрыс тамақтану дұрыс дамуға, когнитивті қабілеттердің жақсаруына, артық салмақтың салдарынан дамитын инфекционды емес аурулардың алдын алуға көмектеседі. Денсаулық мектебі ата-аналарда үлкен қызығушылық тудырды, оның ішінде қандай өнімдер ауру тудыруы мүмкін, энергетикалық сусындар қалай әсер етеді және жылдам тамақтану өнімдері, өндірістік өнімдегі трансмайлардың және тәтті газдалған сусындары туралы сауалдар қойылды. Дені сау қоғамның кепілі – отбасындағы тамақтану салтын қалыптастырудан басталатындығы жайлы ұсыныстар берілді.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы.