11 қараша 2024 жылы эпидемиология және биостатистика кафедрасында ғылыми үйірменің кезекті жиналысы өтті. Жиналыс “Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу және ғылыми мақалалар жазу талаптары” тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шараға студенттер белсене қатысып, ғылыми зерттеу әдістерімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.
Аға оқытушы, PhD Мукашева Гүлбаршын Дарынқызының жетекшілігімен өткен жиналыста студенттерге ғылыми жұмыстың алғашқы қадамдары: әдебиеттерді дұрыс таңдау, библиография жасау, зерттеу материалдарын жүйелеу және нәтижелерді жеткізу жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, ғылыми мақалаларды жазу барысында жиі жіберілетін қателіктер және оларды болдырмау жолдары талқыланды.