Ғылыми үйірмелер жәрмеңкесіне эпидемиология және биостатистика кафедрасы қатысты

Ғылыми үйірмелер жәрмеңкесіне эпидемиология және биостатистика кафедрасы қатысты

Эпидемиология және биостатистика кафедрасының ғылыми үйірмесі университетімізде жыл сайын ұйымдастырылатын ғылыми үйірмелер жәрмеңкесінде өз қызметін сәтті көрсетті. Кафедра стенді үйірменің жетістіктерін көрсетті, соның ішінде дипломдар, алғыс хаттар және қатысушылардың сертификаттары.

Келушілер студенттер мен оқытушылар қатысатын ғылыми жобалармен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Кафедра оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы және үйірменің белсенді мүшелері эпидемиология мен биостатистиканың  және дәлелді медицинаның заманауи медицинада практикалық қолданылуына тоқталып, бұл пәндердің ғылыми және клиникалық жұмыстағы маңыздылығын атап өтті.

Студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесінде эпидемиология және биостатистика кафедрасы «Ғылымдағы алғашқы қадам» номинациясы бойынша марапатталды. Бұл марапат кафедраның ғылымды насихаттау және студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту саласындағы белсенді жұмысының нәтижесі болды.

Жәрмеңкеге қатысу үйірмеге жаңадан келген студенттерді тартуға және ғылыми зерттеулерді жастар арасында кеңінен насихаттауға тамаша мүмкіндік болды. Біз үйірменің жетістігін мақтан тұтамыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және жоғары деңгейде өкілдік еткендері үшін алғыс айтамыз!

Жарияланды: