Университетте “Эпиграф” баспасының таныстырылымы өтті

Университетте “Эпиграф” баспасының таныстырылымы өтті

Университет кітапханасында ағымдағы жылдың 25-26 қараша аралығында «Эпиграф» баспасының электронды оқулық платформасының өкілімен кездесу өтті. «Эпиграф» баспасының өкілі университет оқытушыларымен және студенттермен кездесіп «Электрондық кітапхана» порталымен таныстырды. Оқулықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толық сәйкес жасалған. Басылымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

«Эпиграф» электронды кітапханасы университет желілеріндегі кез келген құрылғыдан шектеусіз, сонымен қатар логин мен пароль арқылы кез келген жерден толықтай қол жетімді.

Баспа Қазақстан нарығында 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді.Эпиграф деректер базасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған 9000-нан астам атаудағы монографиялардың, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің толық мәтініне қол жеткізуді қамтамасыз ететін отандық ресурс болып табылады.

Жарияланды: