29.11.2024 ж. Абай облысының Курчатов ауданына мультидисциплинарлық медициналық топтың сапары ұйымдастырылды. Топ құрамында келесі мамандар болды:
Мансурова Д.А. – кардиолог-дәрігер, терапия кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, «СМУ» КеАҚ; Асанова С.А. – пульмонолог-дәрігер, «терапия кафедрасының ассистент, «СМУ» КеАҚ; Шаханов Т.Е. – гастроэнтеролог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті, «СМУ» КеАҚ; . Джунусов Талгат Габдулдаевич – дәрігер травматолог, «СМУ» КеАҚ, травматология және балалар хирургиясы кафедрасының оқу бөлімінің меңгерушісі; Толеутаев Толеген Арнурович – ангиохирург, «СМУ» КеАҚ, Б.С. Буланов атындағы жүрек-тамыр және торакалды хирургия кафедрасының ассистенті; Серикова Т.К. – ревматология кафедрасының резиденті, «СМУ» КеАҚ; Сеитказа Д.С. – ішкі аурулар кафедрасының резиденті, «СМУ» КеАҚ.
Сапардың мақсаты – аймақ тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету және профилактикалық шараларды ұйымдастыру. Команда созылмалы аурулармен ауыратын және медициналық қызметтерге қолжетімділігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударды.
Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында көптеген пациенттер білікті көмек пен емдеу және профилактика бойынша ұсыныстар алды.
Мультидисциплинарлық топтың жұмысы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың маңызды буыны болып қала береді.

