Бейіндік магистратураға құжаттарды қабылдау

«Семей медицина университеті» КеАҚ Білім беру бағдарламасының тиісті бейіні бойынша басшылық лауазымда кемінде бес жыл немесе кемінде он жыл өтілі бар адамдар үшін бейіндік магистратураға қабылдауды жариялайды. Қабылдау келесі мамандықтарға жүргізіледі: 7М10106 Медицина, 7М10108 Қоғамдық денсаулық сақтау, 7М10112 Денсаулық сақтаудағы менеджмент, 7М10104 Мейірбике ісі, 7M10114 Медициналық-профилактикалық іс, 7M10115 Гигиена, 7M10116 Эпидемиология Оқу мерзімі – 1…

ШҚО неврологтарының қоғамы өтті

2024 жылғы 8 қарашада ШҚО невролог мамандарының теориялық және практикалық дайындық дәрежелерін көтеру мақсатында, 2024 жылға арналған неврологтар қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес  ШҚО штаттан тыс бас неврологі Е.М. Айнабекованың ұйымдастыруымен «ШҚО неврологиялық қызметінің 2024 жылғы жұмысына талдау» туралы нейрохирургтармен бірлесіп облыстың неврологтар қоғамын өткізді Бұл шараға Облыстың медициналык ұйымдарының басшылары, неврологтар, нейрохирургтар және МСАК ұйымдарының…

«Неге біз қартаюдан қорқамыз» тақырыбындағы дәріс-тренинг: қартаю қорқынышына көзқарас

2024 жылдың 20 қарашасында «Күміс университетіне» қатысушылар үшін ЖББП кафедрасының доценті А.Г. Гизатуллина дәріс-тренинг өткізді. Дәріс барысында Айгул Габиденқызы қартаю қорқынышының психологиялық аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып, бұл құбылыс тек егде жастағы адамдарға ғана емес, орта жастағы адамдарға да тән екенін атап өтті. Сонымен қатар, қартаюды жағымсыз және қорқынышты нәрсе емес, өмірдің табиғи процесі ретінде қарастыруды…

Жыныстық жолмен берілетін аурулар

Бүгін университетіміздің жатақханасында студенттерге алналған жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті акушер-гинекология резиденттері, оқытушылар жетекшілігімен жүргізді. Олар инфекциялардың әртүрлі түрлері, олардың белгілері, диагностикасы мен емдеу әдістері туралы толық мәлімет берді. Профилактикалық шаралар, қорғаныс құралдарын пайдалану және тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы туралы ерекше айтылды. Сондай-ақ, ЖЖБА таралуын болдырмаудың өзекті мәселелері және білім беру…

Медициналық қызметті сақтандыру тақырыбындағы мастер-класс

21.11.2024 ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі доцент  Амренова Қ.Ш. оқытушылар Амангалиева Г.М.  және Ракымгазиева А. С.  бірлесіп Семей қаласының №2 емханасының ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне “Медицина қызметкерлерінің медициналық қызметін сақтандыру“тақырыбында шеберлік сабағын, семинар өткізді. Бұл семинарға әкімшілік персонал да, жалпы практика дәрігерлері де, орта медициналық персонал да қатысты. Қызметкерлерге ақпараттық материалдар, медициналық қызметті сақтандыру ережелерін бекіту туралы ережелер ұсынылды, көптеген сұрақтарға жауаптар берілді. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың көпшілігі қызметкерлерді сақтандыруға берді және сақтандыру мөлшері әр түрлі санаттағы мамандықтар үшін әр түрлі есептеу коэффициентіне ие. Болашақта сақтандыру медицинасының өзекті мәселелері бойынша оқыту семинар–тренингтері өткізілетін болады.