СМУ КеАҚ волейболшыларының жаңа жеңісі!

26 – 27.11.24 Семей қаласында волейболдан жоғары оқу орындары мен колледждердің ерлер командалары арасында қалалық біріншілік өтті. Турнирге 10 команда қатысты. СМУ КеАҚ командасы осы турнирдің финалына шықты, онда олар мықты қарсылас Шәкәрім университетімен кездісті. Бәсекелес ойында СМУ КеАҚ  командасы жеңісті жұлып алып, турнир чемпионы атанды! Студенттерімізді және жаттықтырушы, дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы С.С.Смағұловты құттықтаймыз.

27.11.2024 ж. Абай ауданына мультидисциплинарлық медициналық топтың іс-сапары

27.11.2024 ж. Абай облысының Абай ауданына мультидисциплинарлық медициналық топтың сапары ұйымдастырылды. Топ құрамында келесі мамандар болды: Мансурова Д.А. – кардиолог-дәрігер, терапия кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, «СМУ» КеАҚ; Асанова С.А. – пульмонолог-дәрігер, «терапия кафедрасының ассистент, «СМУ» КеАҚ; Шаханов Т.Е. – гастроэнтеролог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті, «СМУ» КеАҚ; Мусабеков А.С. – травматолог-дәрігер,…

Университетте “Эпиграф” баспасының таныстырылымы өтті

Университет кітапханасында ағымдағы жылдың 25-26 қараша аралығында «Эпиграф» баспасының электронды оқулық платформасының өкілімен кездесу өтті. «Эпиграф» баспасының өкілі университет оқытушыларымен және студенттермен кездесіп «Электрондық кітапхана» порталымен таныстырды. Оқулықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толық сәйкес жасалған. Басылымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. «Эпиграф» электронды кітапханасы университет желілеріндегі кез келген құрылғыдан шектеусіз, сонымен қатар…

Құрметті урологтың құттықтауы

2024 жылдың 11 қазанында III Орталық Азия урологтарының конгресі CACU-2024 барысында жоғары санатты уролог дәрігері Әбуова Сырым Ғабдірәшұлы Академик Б. У. Жарбосынов медалімен марапатталды. «Урология» мамандығының қызметкерлері мен резиденттері лайықты марапатын алған дәрігерді құттықтады. Кездесу бейресми жағдайда өтті. Сырым Ғабдірәшұлы медицина саласында 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, ұзақ жылдар бойы урология бөлімін басқарды…

Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының СҒҮ жәрмеңкесіне қатысуы 2024-2025

2024 жылдың 26 ​​қарашасында университетіміздің бас ғимаратында студенттік ғылыми үйірмелердің жәрмеңкесі өтті.Кафедралар өздерінің жетістіктері мен болашаққа арналған жоспарларымен таныстырды. Шараны ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Шабдарбаева Дария Мұратқызы ашты. Студенттер болашақ кәсіби қызметінде олар үшін маңызды болатын оқытудың әртүрлі бағыттарына қызығушылық танытты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша үздік теориялық және клиникалық кафедралар дипломдармен және номинациялармен марапатталды.…