АИТВ инфекциясы бойынша олимпиаданың 1 туры
13 қарашада “АИТВ-инфекциясы қазіргі заманның жаһандық проблемасы ретінде” халықаралық қатысуымен аймақаралық олимпиаданың 1 туры өтті. Олимпиадаға әртүрлі деңгейдегі білім алушылар қатысты: “Жалпы медицина”, “Стоматология” мамандықтары бойынша 5 курс студенті, “Жалпы практика дәрігері” мамандығы бойынша 6 курс интерндері. Студенттерге этиология, эпидемиология, патогенез, клиника, диагностика, емдеу және инфекцияның алдын алу бойынша бірнеше таңдау сынақтары ұсынылды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар:…





