Эпидемиология және биостатистика кафедрасында ғылыми үйірме жиналысы өтті

11 қараша  2024 жылы эпидемиология және биостатистика кафедрасында ғылыми үйірменің кезекті жиналысы өтті. Жиналыс “Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу және ғылыми мақалалар жазу талаптары” тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шараға студенттер белсене қатысып, ғылыми зерттеу әдістерімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Аға оқытушы, PhD Мукашева Гүлбаршын Дарынқызының жетекшілігімен өткен жиналыста студенттерге ғылыми жұмыстың алғашқы қадамдары: әдебиеттерді дұрыс таңдау, библиография…

Ғылыми үйірмелер жәрмеңкесіне эпидемиология және биостатистика кафедрасы қатысты

Эпидемиология және биостатистика кафедрасының ғылыми үйірмесі университетімізде жыл сайын ұйымдастырылатын ғылыми үйірмелер жәрмеңкесінде өз қызметін сәтті көрсетті. Кафедра стенді үйірменің жетістіктерін көрсетті, соның ішінде дипломдар, алғыс хаттар және қатысушылардың сертификаттары. Келушілер студенттер мен оқытушылар қатысатын ғылыми жобалармен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Кафедра оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы және үйірменің белсенді мүшелері эпидемиология…

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы

Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау үлкен әлеуметтік маңызға ие. Бүгінгі фертильді жасқа кірген балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының жағдайы, кейінгі 10-15 жылдағы демографиялық процестерге тікелей әсер етеді. Жасөспірімдік кезең-бұл өмір бойы денсаулықты сақтауға көмектесетін білім, дағдылар мен құндылықтарды игерудің маңызды кезеңі. Репродуктивті және жыныстық денсаулықты сақтау үшін жасөспірімдерге ақпарат, өмірлік дағдыларды үйрету, жыныстық және…

Қысқы мектептің алғашқы күні: “Кешенді оңалтудың техникалық құралдары”

2024 жылдың 25 қарашасында Абай облысындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және абилитация орталығында, Тусупов Д.М. атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының базасында, “Кешенді оңалтудың техникалық құралдары” тақырыбында қысқы мектеп өз жұмысын бастады. Іс-шара кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Алимбаева А.Р., кафедра ассистенті Даирбеков Е.Е. және 1-2 курс резидент-реабилитологтардың басшылығымен өтуде. 25-29 қараша аралығында өтетін қысқы…

СМУ КЕАҚ шетелдік бөлімшесінің студенттеріне арналған ” Speaking club ” кезекті сабағы

2024 жылғы 20 қарашада шетелдік бөлімшенің білім алушыларына арналған “Speaking club for International Students” кезекті сабағы өтті. Сабақты анестезиология, реаниматология және наркология кафедрасының меңгерушісі М.К. – м. ғ. д. Сыздықбаев дайындап, өткізді. Тыңдаушыларға алдын ала ағылшын және орыс тілдерінде глоссарий жіберілді. Сабақ барысында студенттер Анестезиология және реаниматология негіздерін орыс тілінде оқыды. Сондай-ақ, жұптарға бөлініп диалогтар…