2024 жылдың қараша айының 29 күні КММ №11 орта мектебінде «Мектеп-ЖОО: ынтымақтастық тәжірибесі» атты семинар өтті, оған Семей қаласының барлық жоғары оқу орындары мен колледждері, сонымен қатар басқа да мектеп өкілдері шақырылды. Семинар екі бөлімнен тұрды: №11 мектеп басшылығы өз тәжірибесімен бөлісіп, мектеп пен ЖОО арасындағы табысты өзара іс-қимыл мысалдарымен бөлісетін теориялық бөлім және «Мамандыққа бастар жол» атты оқушыларға арналған практикалық бөлімнен. Сынып сағатында Семей медицина университетінің «FAMS» жастар клубының студенттері алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетіп, медицина мамандығын таңдау маңыздылығын түсінідіріп кетті.
Сондай-ақ мектеп оқушыларына түрлі мамандықтармен танысуға мүмкіндік берілген «Мамандықтар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. «СМУ» КеАҚ Қабылдау комиссиясы және Medical Foudational бөлімінің қызметкерлері Ажарова А.К. және Кайгельдинова С.А. болашақ талапкерлерге Семей медицина университетіндегі білім беру бағдарламалары жайлы айтып, ақпараттық буклеттер таратты.
Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп және Абай облысындағы басқа мектептер де осы тәжірибені қолға алса екен дейміз.