Резиденттердің Үндістандағы тағылымдамасы

Резиденттердің Үндістандағы тағылымдамасы

«Семей медициналық университеті» КеАҚ-ның 21 резидентінен тұратын топ 28 қарашада Дели қаласына келді, оларды Santosh Deemed to be University-дің ресми өкілдері қарсы алды.

Резиденттер 2024 жылдың 28 қарашасы мен 13 желтоқсаны аралығында серіктес университетте клиникалық тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама кезінде резиденттер пациенттерді аралауға қатысады және үнділік әріптестерінің тәжірибесін зерттей отырып, өз мамандығы бойынша пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін меңгереді.

Сапар барысында резиденттермен бірге Профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, «СМУ» КеАҚ базасында Santosh Deemed to Be University – мен бірлесіп ашылған медициналық оқытушыларды даярлау орталығының үйлестірушісі Сәуле Кеңесханқызы Қожанова жүреді. Делегацияны «СМУ» КеАҚ-ның шетелдік өкілі, доктор Муддассир Говхар басқарады. Сапар аясында Муддассир Говхар «Семей медициналық университеті» КеАҚ мен Santosh Deemed to be University арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобаларды талқылайды.

«СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Алтай Ахметкалиевич Дюсупов Santosh Deemed to be University-дің ректоры, доктор Манодж Гоялға және де университет басшылығы мен қызметкерлеріне ынтымақтастық пен тұрақты қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді. Біз одан әрі жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.