Күміс университеті. “Бір-бірден” конкурстық-ойын-сауық бағдарламасы

Күміс университеті. “Бір-бірден” конкурстық-ойын-сауық бағдарламасы

2024 жылғы 29 қарашада “Семей қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында” күндізгі жартылай стационар қызметкерлері “Бір-бірден 2024” музыкалық-пародиялық шоу-бағдарламасын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара “Күміс университеті” жобасы аясында 2022 жылдың қазан айында біздің мекемелер арасында жасалған меморандум шарттарына сәйкес өткізілді. Тәуелсіз қазылар алқасы ретінде “СМУ” оқытушылары шақырылды: психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті А.А. Алмагамбетова, жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы, “Күміс университеті” жобасының жетекшісі Ж. К. Жәйрбаева, мейірбике кафедрасының ассистенті А. Е. Елемес

Музыкалық-пародиялық шоу-бағдарламаны өткізу кезінде әр түрлі уақыттағы танымал орындаушылардың әндері қолданылды.  Пародияланған әртістердің орындауындағы бейне де көрсетілді. Шоу-бағдарламаға қатысушылар: күндізгі жартылай стационар қызметтерін алушылар-бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар. Байқау шарттары бойынша қатысушылар өздерінің сүйікті әртістері мен әншілеріне айналды. Бұл шоудың тосын сыйы күндізгі жартылай стационар қызметкерлері дайындаған композиция болды: 1975 жылы Батыс Германияда танымал музыкалық продюсер Фрэнк Фариан құрған топ сахнаға шықты.

“Бір – бірден” конкурстық-ойын-сауық бағдарламасының қорытындысы бойынша салтанатты жағдайда барлық қатысушылар сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Әртістердің қойылымы ұмытылмас әсер қалдырды. Әділқазылар алқасына шақырылған “СМУ” оқытушылары ШАК алушылары мен қызметкерлеріне жоғары баға берді.

Рубрикалар: Конкурстар