2024 жылдың 14 қарашасында қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Оразаева Б.Б. шетелдік бөлім студенттері, 429 кураторлық тобымен бірге Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына барып, өнер әлеміне қызықты саяхат жасады. Бұл іс-шара студенттерге қазақстандық және әлемдік суретшілердің бай мұрасымен танысуға мүмкіндік берген нағыз мәдени оқиға болды.
Мұражай залдарына жасалған экскурсия барысында студенттер бейнелеу өнерінің қайталанбас қырларын ашты. Олар әр туындының нәзіктігі мен мәнерлілігіне таңғалды, себебі әрбір жұмыс өзіне тән ерекше энергетика мен терең мағынаға толы еді. Әсіресе, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне арналған картиналар студенттердің қызығушылығын оятып, қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге көмектесті.
Экскурсия барысында кураторлық топ ерекше белсенділік танытып, сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөлісті. Бұл жылы қарым-қатынас пен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастырды. Бұл іс-шара студенттердің жаңа ақпарат алуымен қатар, олардың білім алып жатқан өңірмен мәдени байланысын нығайтуға ықпал етті.