Студенттер үйіндегі кездесу

Студенттер үйіндегі кездесу

21-29 қараша аралығында м.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасының доценттері Р.Р. Олжаева мен Р.Т. Дінжуманова Уранхаева көшесі, 6-үйде тұратын студенттергмен, оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Қ. Смаилованың бекітілген кафедралардың кезекшілік кестесіне сәйкес, кездесті. Ағылшын бөлімінің оқытушылары жаңа жатақханадағы студенттердің жағдайын тексеріп, жатақханада тәртіп сақтаудың, бір-біріне сыпайы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы туралы әңгімелер жүргізді. Жатақхананың жаңа, ғимараты жылы, студенттердің тұруына барлық жағдай жасалғанын атап өткіміз келеді. Қазір жатақханада 2 курс студенттері тұрады.             Олжаева Р. Р., Динжуманова Р. Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар