Медицина ғылымдарының докторы М.С.Қазымов ұйымдастыруымен 28.11.2024 күні “СМУ” КеАҚ-ның Конференц-залында Семей қаласының емханаларының дәрігерлері қатысуымен, “Берлин-Хеми Менарини” компаниясының қолдауымен клиникалық жұмыс шеңберінде Семей қаласының Жалпы дәрігерлік практика негіздері кафедрасының қызметкері, доцент Р.Р.Курумбаев “Созылмалы панкреатит, ауырсыну синдромы. Емдеудің негізгі принциптары” тақырыбында клиникалық семинар өткізді. Дөңгелек үстел барысында 25 дәрігер арасында созылмалы панкреатиттің анықтамасы, диагностикасы, жіктелуі мен ем тәсілдері қарастырылды. Ауырсынуды бақылау және емдеу принциптері клиникалық тәжірибенің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Ұйымдастырушы және клиникалық жұмысқа жауапты м.ғ.д. Қазымов М.С.