Жарайсындар – 2229 топ!

Жарайсындар – 2229 топ!

Биылғы 2024-2025 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «Медицина және педиатрия», «Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі» мектептерінің 2 курс студенттерімен кездесулер, «Ашық есік күндері» өткізілуде.

Іс-шаралар мақсаты – студенттерді әскери кафедраға тарту, әскери кафедрамен таныстыру, тағайындалатын әскери атақ жайлы, әскери қызметшілердің мәртебесі, оларға және отбастарына берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар т.б. туралы мағлұматтар беру.

Қазіргі уақытта әскери кафедрада оқу үшін ниет білдіруші студенттерден іріктеу конкурсына қажетті құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр.

Соның ішінде, жақсы бастама көтерген 2229 педиатрия тобын айрықша атап өткіміз келеді!!!

Топ старостасы Битуреева Мадина Мадиханқызы бастаған студенттер толығымен келіп, әскери кафедрада оқуға ниет білдіріп, құжаттарын тапсырды:

Амергалиева Жанель Ержанқызы

Базылжанов Али Қанатұлы

Баймолданова Айша Нурекеевна

Баширханова Адема Дәуренқызы

Бейсенбаева Аиса Рүстемқызы

Есенгельдина Аружан Айдынқызы

Есімжан Нұржан Нұртайұлы

Рамазанова Ұлжан Біржанқызы

Өскелең ұрпақтың арасында Отансүйгіштік, елін қорғау, патриотизм деген ұғымдарды бойына сіңірген студенттердің басым болуы бізді ерекше қуантады.

Әскери кафедраға құжаттарын тапсырып, оқуға ниет білдірген студенттердің барлығына іріктеу конкурсының барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, болашақта тағайындалатын «Медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағына сай, лайықты Қазақстан Республикасының азаматы болуларына тілектеспіз!

БОЛАШАҚ ҰРПАҚ! АСПАНЫМЫЗДЫҢ АШЫҚ, ЕЛІМІЗДІҢ ТЫНЫШ, МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛУЫ – СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАРЫҢЫЗДА!

Әскери кафедраның тәрбие жұмыстарына жауапты

аға оқытушы-цикл бастығы

запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов