Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің Абай облысы халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің Абай облысы халқымен кездесуі

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Ербол Мырзабосынов Семей медицина университетінде болды. Оқу орнының ғимаратында Абай облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды қабылдап, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізді. Ербол Мырзабосынов Абай облысының тумасы, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы. Әр жылдарда Семей мемлекеттік педагогикалық институтында жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. 2017 жылға дейін басқарған Семей медицина университетінің Дене тәрбиесі кафедрасында сабақ берді.